Кредиттік амнистияны талап етеді: Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кредиттік амнистияны талап етеді: Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді

Кредиттік амнистияны талап етеді: Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді

Алматы билігі көшеде митинг өткізуге рұқсат берді. Кредиттік амнистияны талап ететін белсенділер 13 қыркүйек күні Шоқан Уәлиханов атындағы сквердің алаңына жиналады.

  • 11 Қыркүйек 2020
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматыда 13 қыркүйек, жексенбі күні әкімдікпен келісілген митинг өтеді. Белсенділер кредиттік амнистия мен жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салуды талап етеді.

Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, митинг 13 қыркүйекте Алматыдағы Шоқан Уәлиханов атындағы сквердің алаңында өтеді. Бейбіт жиналыс 11.00-ден 14.00-ге дейін жалғасады.

Митингті тіркелмеген Қазақстанның демократиялық партиясының жақтастары мен азаматтық белсенділер ұйымдастырады.

Митинг Алматы әкімдігімен келісілді. Бұл туралы қалалық әкімшіліктің жауабында айтылған. Құжаттың суретін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина
Facebook-тегі
парақшасында жариялады. Ұйымдастырушылар қатысушылардан санитарлық талаптарды қатаң сақтауды сұрап отыр.

Бейбіт жиналысқа кез келген адам қатыса алатыны хабарланды.

Шілде айының ортасында Алматыда жануарларды қорғау туралы бейбіт жиналыс жоспарланған еді, алайда пандемияға байланысты өтпей қалды.