"Жатып қалды, тұра алмай жатыр": "Өнер қырандары" актерлерінің бірінің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Жатып қалды, тұра алмай жатыр": "Өнер қырандары" актерлерінің бірінің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсті

"Жатып қалды, тұра алмай жатыр": "Өнер қырандары" актерлерінің бірінің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсті

Танымал актер, "Өнер қырандары" театрында өнер көрсететін Мэлс Наурызбектің денсаулығы күрт нашарлап, ауруханаға түсті.

  • 5 Маусым
  • 30
Фото: Instagram/oner_kyrandary_official

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актердің әріптесі оның денсаулығының күрт нашарлап кеткенін растады.

«Мэлс денсаулығына байланысты жатып қалды. Гастрольдің алдында негізі оған операция жасаған. Негізі 6 ай жат, тұрма деген. Амал жоқ концертке шығып кетті. Кеше Алматыда, Талдықорғанға барып келгеннен кейін әрең дегенде бір рет емдетті, тағы да тұра алмай қалған.

Кеше ауыртпайтын дәрі салып, концертке шықты, белдің дәрісі ғой. Екі апта бойы сол дәрінің күшімен жүрген. Белден төмен қарай, аяғы істемей қалып жатыр. Сонымен кеше құлап, тұра алмай қалды. Алла шипа берсін», — деді актер.