Мемлекеттік гранттар бөлінбейтін ЖОО тізімі жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік гранттар бөлінбейтін ЖОО тізімі жарияланды

Мемлекеттік гранттар бөлінбейтін ЖОО тізімі жарияланды

"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мемлекеттік грантпен оқуға болмайтын ЖОО тізімін жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 18 Қыркүйек 2020
  • 31
Фото - Caravan.kz

"Биыл білім және ғылым министрлігі үлкен шешім қабылдады. 36 ЖОО-ға мемлекеттік грант берілмейтін болды. Ол университеттер "Атамекен" рейтингісінде жұмысқа орналасу деңгейінің төмендігіне қарап іріктелді (әдістемеміздің негізінде жұмысқа орналастыру және білім беру бағдарламаларының өзектілігі жатыр)", — деп жазды Олжас Ордабаев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

Олжас Ордабаев, сондай-ақ, қазақстандық инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде күндізгі бөлімде 1528 адам оқып жатқанын атап өтті.

Бұл ретте 1 курста — 3, 2 курста — 6, 3 курста- 5, 4 курста — 1513 студент оқып жатыр. Оның айтуынша, осы ЖОО еліміздің барлық заңгер-түлектерінің 13% — на (699 адам) диплом береді. Салыстыру үшін, ҚАЗМЗУ-да 2018 жылы құқықтану мамандығы бойынша 185 түлек бітірді.