Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды

Шығыс Қазақстанда бұрынғы еден жуушы әкім болды

Аудан әкімі лауазымына тағайындалған Тамара Рахымжанова осы кезге дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болған

  • 20 Қыркүйек 2020
  • 28
Фото - Caravan.kz

 Шығыс Қазақстан облысының әкімі Глубокое ауданының жаңа әкімін таныстырды, деп хабарлайды жергілікті YK-news.kz басылымы.

"Тамара Анатольевна Рахымжанова 1978 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің хабарлауынша, ол өзінің еңбек жолын 2001 жылы кәсіпорындардың бірінде өндірістік үй-жайларда тазалаушы болып бастаған", – делінген ақпаратта.

Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахымжанова


2006 жылы Алматы экономика және статистика академиясын "персоналды басқару" мамандығы бойынша білім алған.

2014-2016 жылдары "Өскемен тазалық" ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары – "Өскемен тәртіп" КМК директоры болып жұмыс істеді.

2018 жылы Қазақстан инновациялық университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірді.

Тамара Рахымжанова жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары болып еңбек еткен.