Қожахметовтың айтуынша, "Барыс" хоккей командасында коронавирус жұқтырғандардың саны тағы да арта түскен. Қазіргі таңда спортшыларға стадионға баруға тыйым салынған.
"Сонымен бірге, еңбек ұжымдарында COVID-19 ауруы өршіп тұр. Атап айтқанда, "Барыс" хоккей командасының 11 ойыншысында COVID-19 оң нәтиже берді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар шеңберінде 29 байланыста болған адам анықталды, олардың барлығына "Барыс-Арена" стадионына баруға тыйым салынды. Стадионда дезинфекция және қызметкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Алайда 22 қыркүйекте байланыста болған 29 адамды тексерген кезде тағы 8 команда мүшелерінен оң нәтиже анықталды. 19 науқастың барлығында COVID-19 белгілері жоқ, олар амбулаториялық емделуде", — дейді Қожахметов.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі қарапайым халық қана емес мықты спортшылар да коронавирусқа қарсы тұра алмағанын айтты.