Денсаулық сақтау министрі әуе рейстеріне жаңа шектеулер енгізуді ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрі әуе рейстеріне жаңа шектеулер енгізуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрі әуе рейстеріне жаңа шектеулер енгізуді ұсынды

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 5 қазаннан бастап басқа елдермен әуе қатынасының қосымша бағыттарын қалпына келтіруді тоқтата тұруды және әуе қатынасы қайта басталған елдерге рейстер санын көбейтпеуді ұсынды.

  • 30 Қыркүйек 2020
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Шет елдерде коронавирус инфекцияының тарауы бойынша жағдайдың күрделеніп бара жатқанын ескере отырып, инфекцияның ел ішінде таралуына жол бермеу үшін 5 қазаннан бастап басқа елдермен қосымша әуе қатынастарын жандандыруды тоқтату ұсынылады. Сонымен бірге, бүгінге дейін әуе қатынастары ретке келтірілген елдермен әуе рейстерін арттырмауды, одан бөлек Түркия Республикасына рейстер санын азайтуды ұсынамыз", — деді Цой Үкімет отырысында.

Сонымен қатар: екінші санаттағы елдерден келетін адамдар үшін (қазіргі уақытта бұл әуе қатынасы жаңартылған барлық елдер) келесі міндетті талаптарды белгілеу ұсынылды:

  • термометрия, анкеталау, коронавирус бойынша тесттен өткені туралы мерзімі көрсетілген анықтама (3 тәулік бұрынғы);


  • анықтама болмаған жағдайда келгендер карантиндік стационарда COVID-19-ға зертханалық тексеру жүргізу үшін 2 тәулікке дейін оқшауланады.

Министр дәл осы талаптарды шекаралық бекеттер арқылы елге кіретін адамдарға қолдануды сұрады.

"Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының әкімдеріне: мемлекеттік шекарадан өтетін жерлерде карантиндік стационарлардың өрістетілуін және келетін адамдарды тестілеуді қамтамасыз етуді тапсыруды сұраймын", — деп қорытындылады денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.