Аталған видеоны Көкбөрі Мүбарак Қизатұлы жүктеді, деп хабарлайды Сaravan.kz порталы.
Бейнекөріністі көрген көпшілік қазақтың ұлттық киімдері мен өнеріне және ерлермен бірге қатар шапқан қыздарға тәнті болды.Көпшілік бүгінгі қазақтың расында да өзгеріп кеткенін жазуда.
"1980жылғы Баркөл сахарасы. Бұл видеоны сол кезде Қазақ даласына келген Гонконг журналистері түсірген. Ат бітірген желікпен ойқастап жүрген Қазақтарды, Үнемі қиқу салып қосыла кететін, жұбын жазбайтын аққу текті Қазақтарды, жат демей,өзім демей бәріне қонақжай бола алатын кеңқолтық Қазақтарды видеодан көре аламыз. Олар қандай? Біз қазір қандаймыз өзі? Қамшысын үйіріп, адуынды жылқыларда сүрен салған адамнан шайтан-кесапат дегендер де аулақ жүреді. Адам адам болып жасауы үшін өр болуы, рухы берік, табанды болуы керек.
Баркөл ауданында 60 мың Қазақ тұрады. Қытай ол жердегі Қазақтарға автономия құқығын берген. Бұл ауданның толық атауы — Баркөл Қазақ Автономиялы Ауданы. Баркөл өңірі ертеде Барыскөл атанған. Екі мың жыл бұрын Ғұндар осы арада Барыскөл қаласын салған", деп жазды автор.
Еске салсақ, аталған Баркөл аймағы бүгінде көрші Қытай аумағына қарайды.
https://www.facebook.com/100044252232225/videos/207211237430616