Қайғылы оқиға 3 қазан күні сағат 21:10 шамасында Ақтоғай – Шолақсор автожолының 63-ші шақырымында болған.
«ВАЗ-21041» көлігінің 43 жастағы жүргізушісі 47 жастағы жүргізуші тізгіндеп келе жатқан «МТЗ» тракторының тіркемесіне қатты екпінмен келіп соғылған. Жол-көлік апаты салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы аса ауыр жарақаттар алғандықтан, оқиға орнында көз жұмды», — делінген ПД хабарламасында.
Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалып, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.