71 жастағы әжейді қағып өлтірген Қостанай тұрғыны шартты түрде сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
71 жастағы әжейді қағып өлтірген Қостанай тұрғыны шартты түрде сотталды

71 жастағы әжейді қағып өлтірген Қостанай тұрғыны шартты түрде сотталды

Қостанайда 71 жастағы әжейді қағып кеткен әйел шартты түрде сотталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

  • 8 Қазан 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Наталья Ли Renault Logan автокөлігімен үйдің ауласында кетіп бара жатқан. Дәл осы уақытта 71 жастағы Жібек Аманжолова есімді әжей жолды кесіп өткен. Автокөлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, әжей қайтыс болды.

Сотталушы өзінің кінәсін толығымен мойындап, адам өліміне әкеп соққан жазатайым оқиға болғанын айтып, онымен процессуалдық келісім жасасуды сұрады. Жәбірленушілер оған ешқандай шағымдары жоқ екенін және бұған келіскендерін мәлімдеді. Оның үстіне олар жүргізушіні бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Сот сотталушының зейнетке шыққанға дейінгі жасын ескерді. Нәтижесінде шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы 2,5 жылға және көлік құралын басқару құқығынан 5 жылға айыру жазасы кесілді.