Қырғызстанда бүлікшілер қазақстандық компанияларды басып алмақ болды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанда бүлікшілер қазақстандық компанияларды басып алмақ болды

Қырғызстанда бүлікшілер қазақстандық компанияларды басып алмақ болды

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады.

  • 9 Қазан 2020
  • 225
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты зор алаңдаушылық білдіреміз", — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдататыны айтылады.

"Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз", — делінген хабарламада.