Павлодарда "жаңа технология" бойынша жапырақтың үстіне асфальт төселді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодарда "жаңа технология" бойынша жапырақтың үстіне асфальт төселді

Павлодарда "жаңа технология" бойынша жапырақтың үстіне асфальт төселді

Әлеуметтік желілерде жапырақтардың үстінен асфальт төселіп жатқаны түсірілген видео пайда болды.

  • 19 Қазан 2020
  • 137
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Равлодарnews.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл видео тұрғындардың ашуын тудырып, желі қолданушылары түрлі пікір қалдырған.

Павлодар қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Салтанат Әкімбекованың айтуынша, әкімдік мердігерді жапырақтардың үстінен төселген асфальтты бөлшектеуге мәжбүр еткен.
Қала басшысы Ержан Иманслям алаңға барып, мердігерлерді шақырды.

Естай көшесі, 142 мекенжайы бойынша орналасқан үйдің ауласына асфальтбетон төсеу жұмыстарын жүргізген «Бонус Строй» ЖШС мердігері технологиялық процесті сақтамағаны анықталды.

Мердігерге қазірдің өзінде төселген асфальтбетонды бөлшектеу және жұмысты қайта орындау тапсырылды, — деді Салтанат Әкімбекова. — Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі бөліміне осы жұмыстардың орындалуын бақылау жүктелді.


Айта кетерлігі, мердігер асфальтты бұза бастады.

Сонымен қатар, Павлодар қаласының әкімі «Бонус Строй» ЖШС-нің атқарған барлық жұмыстарын тексеруді тапсырды. Егер де бұзушылықтар болған жағдайда оның барлығын жою туралы нұсқама шығарылады.