Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда өткен тәулікте 179 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.
"Індет жұқтырған ең көп жағдай Алматы қаласында (44) тіркелсе, Нұр-Сұлтан қаласы мен Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының әрбірінде 20 адамнан ауруға шалдыққаны анықталды", – делінген хабарламада.
Қалалар мен өңірлер бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 20
- Алматы қаласы — 44
- Шымкент қаласы — 1
- Ақмола облысы — 10
- Ақтөбе облысы — 2
- Алматы облысы — 6
- Атырау облысы — 9
- Шығыс Қазақстан облысы — 20
- Жамбыл облысы — 3
- Батыс Қазақстан облысы — 8
- Қарағанды облысы — 16
- Қостанай облысы — 6
- Қызылорда облысы — 2
- Маңғыстау облысы — 2
- Павлодар облысы — 20
- Солтүстік Қазақстан облысы — 10.
Айта кетейік, бүгінге дейін республика бойынша ауырғандар саны 110 086 адамға жетті.