Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Қазанның 25-нен 26-на қараған түні шетелден астана әуежайына келген 108 жолаушы стационарлық карантинге жіберілді. Оларның ПЦР-тесті болмаған, деп хабарлайды әуежайдың баспасөз қызметі.
Әуежайға түнде барлығы 6 ұшақ қонды. Air Astana, Turkish Airlines, Belavia және Flydubai әуе компанияларының рейстері.
"722 жолаушының 108-інде ПЦР анықтама болмады. Сондықтан стационарлық карантинге жіберілді. Тест тапсырған соң үйлеріне кете алады. Алайда вирус жұқтырғаны расталса, инфекциялық стационарға барады", — делінген хабарламада.
Айта кетсек, 2020 жылдың 26 қазанында Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа қаулысы күшіне енді. Құжатта мемлекеттік шекара өткізу бекеттерінде коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеуге бағытталған шараларды күшейту қарастырылған.