Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылдың 23 қазанындағы қаулысына өзгерістер енгізілді.

  • 29 Қазан 2020
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер мынадай өзгерістер енгізді:

  • Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеу;
  • ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Қаулыда 1 тармақтың 1 тармақшасында "өткені туралы" деген сөздер "тесттің теріс нәтижесі бар" деген сөздермен ауыстырылатыны да жазылған.


Құжаттардың толық нұсқасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында, сондай-ақ мына сілтемеден таныса аласыз.