Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Sputniknews.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Тиісті бұйрыққа азаматтық қорғау және дағдарыстық жағдайларда басқару министрінің орынбасары Никос Хардалиас қол қойды.
Биліктің мәліметінше, ТЖ енгізу жойқын жер сілкінісінің салдарын жою үшін қажет. Өйткені режим шешімдер қабылдауды оңайлатады.
Төтенше жағдай алты айға, яғни 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін енгізіліп отыр.
Түркия мен Грекиядағы жер сілкінісі
Түркияда 30 қазан күні магнитудасы 7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Табиғи апаттың салдарынан Измир провинциясы мен Грекияның Самос аралында ғимараттар құлап, қирады.