Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Есмағамбетованың айтуынша елдегі жағдай соңғы аптада әлдеқайда нашарлаған. Бірақ коронавирустың өршуі әр аймақта әртүрлі байқалуда. Сол себепті, Қазақстан толығымен карантинге жабылмайды.
"Бүгінде карантиндік шараларды аймақ бойынша күйшейту мәселелері жүргізіліп жатыр. Соңғы аптада елімізде коронавирустық инфекцияның таралуы 6 есеге өсті. Бірақ әр аймақта жағдай әр түрлі. Сондықтан, карантин шаралары тек аймақтар бойынша жасалып жатыр", — дейді Есмағаметова.