8 аймақта көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
8 аймақта көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

8 аймақта көктайғаққа байланысты ескерту жарияланды

Қазақстанның 8 аймағында ескерту жарияланды.

  • 8 Қараша 2020
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап хабарлайды.

Павлодар облысында бұрқасын, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.

9 қараша таңертең және күндіз Қызылорда облысында шаңды бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел түнде секундына 15-20 метрге, күндіз секундына 23 метрге жетуі ықтимал.

Ақмола облысында 9 қарашада тұман, көктайғақ және бұрқасын болады. Секундына 15-20 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соққан жел кейде 23-28 метрге дейін жетеді. Көкшетауда 9 қарашада таңертең және күндіз тұман, көктайғақ болады.

9 қараша түнде Түркістан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Кей жерде тұман түсіп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 17-22 метр болады.


Қостанай облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, кейде 25 метрге жетуі мүмкін.

9 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кейде 23-28 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел секундына 23-28 метр жылдамдықпен оңтүстік-батыстан соғады.