Қазақстанда ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді

Қазақстанда ПТР-тест пен бетперде бағасы төмендеді

Қазақстанда зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан
 

  • 9 Қараша 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Агенттік президенттің тапсырмасымен зертханалық қызметтер мен жеке қорғаныш құралдарының бағалық саясатына мониторинг жүргізген.

"Нәтижесінде ПТР-тест бағасы 36 нарық субъектісімен ашық сауда саясатын көздейтін монополияға қарсы комплаенс жасау арқылы 18 000 теңгеден 9 000 теңгеге дейін төмендетілді. "Олимп" КДЗ" ЖШС және "Инвиво" ЖШС 9 мың теңгеден аспайтын баға белгіледі, "Сұңқар" ЖШС және "Әйгерім" ЖШС-ның жекелеген зертханалары бағаны 6 000 және 7 000 теңгеге дейін төмендетті", — делінген ведомствоның ресми сайтында.

Сонымен қатар, медициналық маскалар да біршама арзандады.


Өндірушілер бағаны бір данасына орта есеппен 21 теңгеге дейін түсірген, дистрибьюторлар мен бөлшек сауда желілерінің үстеме бағасы 20 теңгеден 3 теңгеге дейін төмендеді. Осылайша бір бетперденің бағасы орта есеппен 60 теңгеден 26 теңгеге дейін төмендетілді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші кезеңіне дайындық мәселелері жөніндегі кеңесте ПТР-тест пен бетперде бағасын төмендетуді тапсырған еді.