Қазақстанда зейнет жасын ұзарту мәселесі қарастырылмайды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда зейнет жасын ұзарту мәселесі қарастырылмайды

Қазақстанда зейнет жасын ұзарту мәселесі қарастырылмайды

Қазақстанда зейнет жасын ұзарту мәселесі қарастырылмайды.

  • 9 Қараша 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы премьер-министр Асқар Маминнің баспасөз қызметіндегілер айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомстводағылар Маминнің депутаттық сауалға берген жауабын түсіндірді.

"(…) Премьер-министрдің жауабында Қазақстанда зейнет жасын одан әрі ұзарту туралы ештеңе айтылған жоқ, өйткені мұндай мәселе бүгін күн тәртібінде тұрған жоқ", — делінген хабарламада.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстанда ерлер үшін зейнет жасы — 63, ал әйелдер үшін — 59,5 жас. Әйелдер үшін зейнеткерлік жас 2027 жылға дейін 10 жыл ішінде жыл сайын 6 айдан артады.


Еске салайық, таяуда Қазақстанда зейнет жасын төмендету ұсынылған еді. Мәжіліс депутаттары Қазақстанда ерлер мен әйелдердің зейнет жасын 60 жасқа дейін төмендетуді ұсынған болатын.