Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мемлекеттік қарызды төлеу және интервенция жүргізу есебінен қазанда 200 миллион долларға төмендеді. Бұл туралы ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаев мәлімдеді.
"Алдын ала деректер бойынша қазанда Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері, көбінесе, мемлекеттік борышты төлеу және интервенция жүргізу есебінен 200 миллион АҚШ долларына, 33,6 миллиард АҚШ долларына дейін төмендеді", — деді Досаев үкімет отырысында.
Ал, Ұлттық қордың активтері, айтуынша, республикалық бюджетке 230 миллиард теңге кепілдік берілген трансфертті бөлу, сондай-ақ, пандемияның қайталану тәуекелдерін іске асыруға байланысты қаржы нарықтарындағы теріс түзетулер есебінен бір айда 1 миллиард долларға (-1,7%) қысқарып, 56,3 миллиард долларды құрады.
"Қазандағы теріс мәнге қарамастан, 2020 жылдың басынан бері инвестициялық кіріс шамамен 950 миллион АҚШ долларын құрады", — деді ол.
Қазан айының соңында Қазақстанның халықаралық резервтері, алдын ала деректер бойынша, бір айда 1,3%-ке азайып, 89,9 миллиард АҚШ долларын құрады.