Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Елімізге белгілі, танымал өнер жұлдыздары әлеуметтік желілерге жас кезіндегі суреттерін жариялауда.
"Шаншар" әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдраймов:
"Байқасаңыздар монологтарымда — "біздің кезімізде" деген сөзді көп айтамын, мынау сол кезім ғой. Алматы қаласы, Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқып жүрген кезім. Кімге ұқсаттыңыздар?" деп жазды ол.
Баян Мақсатқызы өзінің "Махаббат станциясы" фильмінде түскен суретін жариялады.
Желі оқырмандары: "Өте әдемісіз", "Табиғи сұлусыз", "Әлі де сол бойы", "Керемет" — деген пікірлер қалдырды.
Айгүл Иманбаева да жас кезіндегі суретін инстаграм парақшасына салды. "Архив. Неше жаста екенім есімде жоқ" — деп жазба қалдырды ол.
Ал, "Жұлдыздар әлемі" парақшасы: "Мадинадан басқа кімді таныдыңыздар" — деген мәтінмен сурет жариялады.
Суретте Мадина Садуақасовадан бөлек Гүлнұр Оразымбетованың жас кездегі суреті де бар.