Бір тәулік ішінде 638 адам коронавирус жұқтырып, 179 тұрғын пневмонияға шалдықты.
Пандемия басталғалы 119 129 адамда COVID-19анықталды. Қазіргі уақытта 8 247 адам ем қабылдап жатыр, 437-сі бала.
Стационарларда 2 924, амбулаторлық емделуде 5 323 науқас тіркелген. 192 адамның жағдайы ауыр, 20 пациент аса ауыр хәлде. Жиырма жеті адам жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
1 тамыздан бері барлығы 39 724 адам пневмонияжұқтырды. 415 науқас қайтыс болды, жазылып шыққандардың саны 29 416-ға жетті.