Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды.
Орталығы Екатеринбургте орналасқан ылғалды циклон Қазақстанның көп
бөлігінің ауа райын анықтайды.
"Жауын-шашын, кей жерлерде қатты, көбінесе қар түрінде жауады, жел күшейеді, солтүстік жартысында бұрқасын болады. Еліміздің батыс аймақтарына циклонның артына суық солтүстік-батыс антициклонның жылжуымен 15 қарашадан бастап жауын-шашынның тоқтауы
болжанады", — деп хабарлайды синоптиктер.
Қазгидрометтің мәліметінше, түңгі уақыттарда еліміздің басым бөлігінде 10-18 градус аязға дейін, Қазақстанның оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында 2-13 аязға дейін ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман, оңтүстік жартысында көктайғақ күтіледі.