Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Жобаны жүзеге асыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде, кейін республикалық бюджет есебінен қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады. Құрылыс жұмыстарын отандық «Astana Group» холдингі түркиялық «Ronesans Holding» компаниясымен бірлесіп жүргізеді.
Осы ретте, аймақ басшысы Ермек Маржықпаев инвесторлармен екіжақты кездесу өткізіп, меморандумға қол қойды. Ол осы жобаға бастамашылық танытып отырған «Astana Group» басшылығына алғыс білдіріп, жаңа аурухананың облыс үшін маңызы зор екенін атап өтті.
«Пандемия халық денсаулығын бірінші кезекке шығарды. Біз мүмкіндігінше, денсаулық сақтау саласында жаңа ауруханалар салып, ескісін жөндеп жатырмыз. Материалдық-техникалық база да жаңартылуда. Біз үшін сіздердікі сияқты жоғары деңгейдегі компаниямен жұмыс істеу маңызды», — деп атап өтті Ермек Маржықпаев. Жоба өңір тұрғындары үшін медициналық қызмет сапасын арттыруға, медициналық туризмді дамытуға септігін тигізбекші.
Жобаны келер жылдың маусым айында бастап, 2023 жылы аяқтау жоспарланып отыр.