Денсаулық сақтау министрлігі: Коронавируспен ауырған 217 науқастың жағдайы ауыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Денсаулық сақтау министрлігі: Коронавируспен ауырған 217 науқастың жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі: Коронавируспен ауырған 217 науқастың жағдайы ауыр

Қазіргі уақытта 9 162 адам коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр.

  • 16 Қараша 2020
  • 14
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарт агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Науқастардың 458-і балалар. Ауруханаларда 3041 науқас, амбулаториялық деңгейде 6121 науқас жатыр. 217 адамның жағдайы ауыр, 22-сі — өте ауыр, 23-і — жасанды тыныс алу аппаратымен жатыр.

Еске салайық, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирустық инфекцияға оң ПТР-мен 588 науқас анықталды. 301 адам сауығып кетті. Сондай-ақ, өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар 48 науқастың өкпе қабынуы дертімен тіркеліп, 2 адам қайтыс болып, 24 адам сауығып кетті.

Елде коронавирус жұқтырғандар саны
121 мыңнан асты
.