Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.
Соңғы кездері көпшіліктің көңілінен шыға алмай жүрген әнші жағымсыз пікір жазып, сынға алып жүргендерге өкпелі.
"Неге соңғы кезде не істесем де жұрттар мін іздеп, не болса соны жаза бастады? Жеке өміріме қатысты-ау деймін. Иә, қазір түсініксіздеу болып тұр жағдай отбасымда. Бәрі реттеледі деп сенемін. Бәрі уақытша. Бірақ менің әр қимылыма, фотома, әніме, басқа өміріме қатысы жоқ қой. Сол баяғы Мадинамын. Әлде жеке өмірімде өзгеріс болып қалса. әнімді тыңдамай, мені жақсы көрмей кетесіздер ме?", — деп жазды әнші жеке парақшасында.
Мәдина Сәдуақасова бұған дейін жеке өміріне, күйеуіне қатысты сұрақтарға жауап беруден бас тартқан болатын. Сол сәттен бастап тыңдармандары жолдасымен ажырасып кетті деп болжады. Осы жағдайдан кейін әнші Египетке ұлы мен сіңілісін ғана алып барып, дем алып қайтты. Аталған жағдай қалың көпшіліктің күдігін одан бетер қалыңдата түсті. Сондай-ақ желіде тым белсенді бола бастаған Сәдуақасованың соңғы суреттеріне бірқатар оқырман сын айтқан болатын.
Шыдамы таусылған әнші ақыры осындай жазба қалдырды.
"Бәрібір жақсы көреміз", "Ал мен тыңдай берем", "Өмірің жақсы жаққа шешіліп бөпелі бол",", "Жоқ сенің жеке өміріңе ешкімнің қақысы жоқ,сенің əніңді жақсы көре береміз жұрт не десе ол десін", "Көңіл аудармаңыз, жүз адамда жүз түрлі көзқарас", "Негізі толық отбасы болғаның дұрыс қой", деп жазды желі қолданушылары.