Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.44
  • 567.38
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандардың саны күрт көбейді

Егер бір күн бұрын Нұр-Сұлтанда 33 науқас анықталса, 17 қарашада 79 адамға қойылған диагноз расталды.

  • 18 Қараша 2020
  • 95
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен тәулікте Қазақстанда 682 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Шығыс Қазақстан облысы науқастардың саны жағынан әлі де көш бастап тұр (230). Нұр-Сұлтанда COVID-19 вирусы 79 адамнан, Солтүстік Қазақстан облысында 74 адамнан табылды.

Қызылорда облысында бірде-бір жағдай тіркелген жоқ. Түркістан облысында 2, Маңғыстау облысында 2 науқас инфекцияны жұқтырды.


Алматыда 35, Шымкентте алты науқас тіркелді.

Жалпы республика бойынша 122 335 адам ауырды, 110 835 науқас жазылып шықты, 1 899-ы қайтыс болды.