Ковид немесе Пандемия: Ресейлік танымал әртіс болашақ баласына ерекше есім бермек - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ковид немесе Пандемия: Ресейлік танымал әртіс болашақ баласына ерекше есім бермек

Ковид немесе Пандемия: Ресейлік танымал әртіс болашақ баласына ерекше есім бермек

Продюсер Бари Алибасов болашақ сәбиіне қандай есім беретініне қатысты пікірін айтты. Бұл туралы әртістің PR-директоры Вадим Горжанкин айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

  • 23 Қараша 2020
  • 11
Фото - Caravan.kz

Баласының жынысы әлі белгісіз екенін айтқан әртіс, сәби қыз болса — Пандемия, ұл болса — Ковид қоятынын айтты. 

"Алибасовтың көмекшісі, суретші, биші Виктория Полторацкая жүктіліктің 6-аптасында. Баланың атын Ковид не Пандемия қоюға қатысты ұсынысқа таңғалғаны рас, алайда бастартпаған. Алайда оған ойлануға уақыт керек екенін айтты", — дейді Горжанкин.

Әртістің пиар директоры бұл есімді таңдау аяқ-асты шешім болмағанын айтады. 

"Басқа әртістермен салыстырғанда, продюсер барлық нәрседен үлкен, жаңа мүмкіндіктер  көреді, тіпті коронавирус пандемясынан да. Әйткенде,  бәріміз танитын, сүйетін Бари Алибасов болар ма еді", — дейді ол.


Осыған дейін, ресейлік продюсер Бари Алибасов пен оның көмекшісі иктория Полторацкая нәрестелі болатыны айтылған еді. Әртістің жаңа сүйіктісі жүктіліктің 6-аптасында.