Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері белгіленді

Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі жалақы мен зейнетақы мөлшері белгіленді

Қазақстанда 2021 жылдағы ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері белгіленді.

  • 4 Желтоқсан 2020
  • 36
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

1) жалақының ең төмен мөлшері — 42 500 теңге;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері — 18 524 теңге;

3) зейнетақының ең төменгі мөлшері — 43 272 теңге;

4) жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айыппұл санкцияларын, салықтарды және басқа да төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш — 2 917 теңге;

5) базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы — 34 302 теңге.

10-бап. Жасына байланысты және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат мөлшері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін.

11-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға арналған мемлекет жарналарының мөлшері — мемлекеттің жарналарын есептеу объектісінің 1,6 пайызы болып белгіленсін.


12-бап. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақшалай өтемақының айлық мөлшері 3 739 теңге сомасында белгіленсін.