Президент: «Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік» - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент: «Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік»

Президент: «Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік»

Президент: «Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік»

  • 4 Маусым
  • 1
Фото: Ақорда.кз

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы aqorda resmi сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 
«Қазір Қазақстан жаңа тұрпатты елге айналды. Біз біртұтас әрі жасампаз ұлт ретінде дамудың даңғыл жолына түстік.
 
Кейінгі жылдарды еліміз үшін тарихи бетбұрыс кезеңі деуге толық негіз бар. Ауқымды реформалар барлық салаға тың серпін беруде.
 
Түбегейлі өзгерістер, әсіресе, қоғамдық санаға зор сілкініс әкелді. Ішкі саясаттың мазмұны жаңарды, бағыт-бағдары айқындала түсті.
 
Ел ішінде жанашырлық, еңбекқорлық, ұқыптылық, үнемшілдік қасиеттері орныға бастады.
 
Азаматтарымыздың көзқарасы және ұстанымы өзгеруде. Халқымыз Әділетті, Мәдениетті, Таза және Қауіпсіз елде өмір сүруді қалайды. Сондықтан жұртымыз тәртіп бұзушылыққа, заңсыздыққа тұтас қоғам болып тосқауыл қоюда.
 
Алайда, алдымызда тұрған жұмыс – өте ауқымды. Бұл жұмысты бәріміз бір ел, біртұтас халық болып міндетті түрде ойдағыдай орындаймыз».