Қазақстанға ұшып келген 348 адам карантинге жіберілді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанға ұшып келген 348 адам карантинге жіберілді

Қазақстанға ұшып келген 348 адам карантинге жіберілді

Қазақстанға шетелден ұшып келген 348 адамның ПТР анықтамасы болғандықтан карантинге жіберілді.

  • 6 Желтоқсан 2020
  • 48
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

2020 жылдың 5 желтоқсанында Қазақстан аумағына Германия, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.

1 701 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 353, анықтамасыз 348 адам — ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына — 7 рейс, 1 024 жолаушы, анықтамамен — 838, анықтамасыз — 186;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына — 4 рейс, 437 жолаушы, анықтамамен — 396, анықтамасыз — 41;
Ақтөбе қаласының әуежайына — 2 рейс, 240 жолаушы, анықтамамен — 119, анықтамасыз — 121.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 348 азаматтың тест сынамалары теріс нәтиже көрсеттіә, — делінген ведомствоның хабарламасында.