Мамин мен Есімов үкімет отырысын бір-бірін құттықтаумен бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамин мен Есімов үкімет отырысын бір-бірін құттықтаумен бастады

Мамин мен Есімов үкімет отырысын бір-бірін құттықтаумен бастады

Үкімет басшысы ең алдымен, барша қазақстандықты елдің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

  • 15 Желтоқсан 2020
  • 29
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Премьер-министр Асқар Мамин үкімет отырысын бастамай тұрып, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті 70 жасқа толуымен құттықтады.

Мамин ең алдымен, барша қазақстандықты елдің ең басты мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Осыдан кейін премьер-министр бүгін, 15 желтоқсан – Ахметжан Есімовтің айтулы мерейтойы екенін атап өтті.

"Өздеріңіз жақсы білесіздер, Ахметжан Смағұлұлы – тәжірибелі басшы, үкіметте, өңірлерде, "ЭКСПО" компаниясында басшылық қызметтерде жұмыс істеп, аса маңызды "ЭКСПО" көрмесін табысты ұйымдастырды. Ауыл шаруашылығын дамытудың негізін қалады, қазір "Самұрық-Қазына" қорын басқарып, еліміздің дамуына үлкен үлес қосуда. Елбасы мен президент қойған тапсырмалар мен міндеттерді тиімді орындап, нақты жұмысты ұйымдастырып келеді", – деді Мамин.

Өз кезегінде Ахметжан Есімов ізгі тілек үшін алғыс айтты.


"Сіздермен бірге жұмыс істегенімді жоғары бағалаймын. Біздің бүгінгі күнге жетіп отырғанымыз – бірге атқарған жұмыстың арқасы", – деді ол.

Осы ретте "Самұрық-Қазына" басшысы Асқар Маминді "Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев" орденімен марапатталуымен құттықтады.

"Мен үкіметке алғаш рет 26 жыл бұрын вице-премьер болып келген едім. Сол уақыттан бері алғаш рет премьер-министрді Тәуелсіздік күні қарсаңында марапаттап отыр. Елбасы кеше сізге үлкен награда тапсырды. Ол осы отырған әріптестеріңіз бен өз еңбегіңіздің бағасы", – деді Есімов.

Айта кетейік, Ахметжан Есімов 1950 жылы 15 желтоқсанда Алматы облысында туған. 2017 жылдан бері "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарады.