Камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де іздемес едік, Меруертті іздесе, қайда қалды сол қоғам, бүгінгі сүлейлер қайда - Актер Досхан Жолжақсынов - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де іздемес едік, Меруертті іздесе, қайда қалды сол қоғам, бүгінгі сүлейлер қайда - Актер Досхан Жолжақсынов

Камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де іздемес едік, Меруертті іздесе, қайда қалды сол қоғам, бүгінгі сүлейлер қайда - Актер Досхан Жолжақсынов

Актер, қазақ кино өнерінің майталман актері Досхан Жолжақсынов "Қыз Жібектің" камзолы мен оған қатысты өз пікірін білдірді.

  • 4 Маусым
  • 3
Фото: Instagram/juldyzdar_news

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы ол отандық журналистерге берген сұхбатының бірінде мәлімдеді.

«Кешегі Қыз Жібекті ойнаған Меруерт. Меруертті іздесе, Қыз Жібек деп, сол қоғам, сол орта. Бүгінгі сүлейлер қайда қалды? Бәлкім «Қыз Жібек» киген камзол жоғалмағанда, Қыз Жібекті де еске алмас еді. Ал Қыз Жібектің киген камзолы төбемізге көтеріп, тәж етсек, оның киімі де сондай.

Ол Шәкен Аймановтың музейіне тапсырылу керек. Сонда тұру керек. Не болмаса, біздің Орталық музейімізге тапсырылу керек. Міне осындай дүниелерді ойлайсың да, «Аһ» ұрасың. Құдай-ау, біз қай бағыттамыз? Біз қайда кетіп бара жатырмыз?

Сонда бір қазақ біреуді біреу іздеу үшін, өлу керек пе? Сонда ғана сені біреу іздейті болады ғой», — деп қынжылды актер.