Бала ауруханаға түскен бойда жансақтау бөліміне жатқызылған екен. Дәрігерлер оған алдын-ала ауыр түрдегі пневмония диагнозын қойған.
Кішкентай пациенттің ағзасынан КОВИД белгілері табылмапты. Айта кетейік, оқыс жайт 30 қарашада болған еді. Бала ата-анасымен бірге Түркияға бара жатқан. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
"Ауруханаға жеткізілген кезде баланың жағдайы ауыр болатын. Сәбидің өмірін аман алып қалу барлық тиісті ем-дом шаралары ұйымдастырылған. Өкініштісі сәби үш күннен соң есін жимастан көз жұмды", — деді Маңғыстау олыстық днсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Нұрбол Оқуов.