Мемлекет басшысы ел тұрғындарын отан үшін аянбай қызмет етуге шақырды. Ол барша қазақстандықтарды құттықтап, жылы лебізін жеткізген.
"Барша отандастарымызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Келесі жылы ел тарихының мерейлі 30 жылдығын атап өтеміз. Біз — бірлігі бекем, іргесі мығым елміз. Қасиетті Отанымыз, Тәуелсіз Қазақстанның игілігі үшін еңбек ету — қастерлі парызымыз", — дейді Тоқаев.