Уақытша болу орындарында дауыс беру - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Уақытша болу орындарында дауыс беру

Уақытша болу орындарында дауыс беру

2021 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауы өтеді.

  • 4 Желтоқсан 2020
  • 307
Фото - Caravan.kz

Демалыс үйлерiнде, санаторийлерде, тұрақты емдеу-профилактикалық мекемелерiнде, шалғайдағы және қатынасу қиын аудандарда орналасқан азаматтар тұратын мекендерде, алыс мал шаруашылығы учаскелерiнде, тергеу изоляторлары мен уақытша ұстау изоляторларында құрылған сайлау учаскелерi бойынша сайлаушылардың тiзiміне дауыс беру күні аталған мекемелер мен ұйымдарда болатын барлық азаматтар енгізіледі.

Әскери бөлімдер бойынша әскер бөлiмдерiндегi барлық әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскер бөлiмдерi орналасқан жерлерде тұратын олардың отбасы мүшелерi мен басқа сайлаушылар тiзiмге енгізіледі. Әскери бөлімдерден тыс жерде тұратын әскери қызметшілер тізімдерге тұрғылықты жері бойынша жалпы негіздерде енгізіледі.