«Мен кеттім»: Алматыда қайтыс болған курсанттың ақша сұрған жазбалары мен соңғы суреті пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мен кеттім»: Алматыда қайтыс болған курсанттың ақша сұрған жазбалары мен соңғы суреті пайда болды

«Мен кеттім»: Алматыда қайтыс болған курсанттың ақша сұрған жазбалары мен соңғы суреті пайда болды

Алматы қаласындағы Ішкі істер министрлігі академиясының 19 жастағы үшінші курс студенті Саламат Өтегенов бір аптадан бұрын асылып тұрған жерінен табылды. Өлер алдында ол ата-анасына ірі көлемде ақша аудару туралы хабарламалар жазған.

  • 23 Желтоқсан 2020
  • 343
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы  Caravan.kz порталы Уральская неделя — ға сілтеме жасап хабарлады

Оқиға 13 желтоқсанда болған. ІІМ академиясы Саламаттың ата-анасына баласының өз-өзіне қол жұмсағанын жеткізген. Екі күннен соң марқұмның денесі туған жері Орал қаласына жеткізілді.

Аталған басылымның тілшілері марқұм Саламаттың анасы Бекзат Иманғалиевамен тілдескен. Оның айтуынша, баласы қайтыс болғанға дейін ата-анасынан үнемі ақша аударуды сұраған. Соңғы үш айда ақша сұрауы тіпті жиілеп кеткен көрінеді.

Ал қайтыс болатын күні сағат 11.00-ден 17:00-ге дейін ағасынан 300 мың теңге жіберуін сұраған. Ал соңғы хабарлама 16:31-де келген. Ол ағасына "мен кеттім" деп жазып, белдігінің және өзінің соңғы суретін жіберген.