Жапонияда жүргізушісіз жолаушылар пойызы жүре бастады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жапонияда жүргізушісіз жолаушылар пойызы жүре бастады

Жапонияда жүргізушісіз жолаушылар пойызы жүре бастады

Бейсенбі күні Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралының Фукуока қаласында жүргізушісіз басқарылатын электр пойызы алғаш рет тұрақты рейстерін бастады. Ол кәдімгі күре жолмен жүріп, өткелдерде бағдаршам алдында тоқтайды.

  • 24 Желтоқсан 2020
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бастапқы кезеңде электр пойызында машинист болады. Содан кейін оны біртіндеп толық автоматтық режимге ауыстыру көзделген. Электр пойызының ұзақтығы шамамен 13 шақырым, күніне 12 рейс жасайды.

Кyodo агенттігінің атап өтуінше, жүргізушісіз басқарылатын электр пойыздарын енгізу біріншіден машинисттердің жетіспеушілігіне байланысты болып отыр. Уақыт өте келе осындай электр пойыздарын бүкіл Жапонияда пайдалану көзделген.