Қазақстан "сары" аймаққа кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан "сары" аймаққа кірді

Қазақстан "сары" аймаққа кірді

Қазақстан коронавирус таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа кірді. Бұған Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері дәлел.

  • 25 Желтоқсан 2020
  • 104
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

25 желтоқсандағы жағдай бойынша, Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта — Алматы, Нұр-Сұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Басқа өңірлер "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, бүгінге дейін Қазақстан "жасыл" аймақта болған еді.


Еске салайық, бүгінде елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 150 198-ге жетті.