Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың үйлеріне жеткізіп береді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың үйлеріне жеткізіп береді

Президент сыйлығын Аяз ата мен Ақшақар оқушылардың үйлеріне жеткізіп береді

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты Президент пен Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің сыйлықтарын Аяз ата мен Ақшақар барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, оқушылардың үйіне жеткізіп береді.

  • 25 Желтоқсан 2020
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде өткен онлайн брифингте Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова айтты.

Президенттің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтығы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар мен ерекше білім беру қажеттіліктері бар 200 балаға беріледі.К

Кешебалаларға жаңажылдық сыйлықтар, яғни — Президенттің құттықтау хаты, кітап және «Оrchestra» дүкендерінен киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер мен үстел ойыны табысталды, — деді ол.

Сонымен қатар бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің атынан жаңажылдық сыйлық жиынтықтары аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға және әр түрлі жетістіктерге жеткен дарынды 450 балаға табысталады.
Б

Балаларғажаңажылдық сыйлықтарды Аяз ата мен Ақшақар баланың үйіне барып салтанатты түрде табыстайды. Жаңажылдық іс-шаралар барлық білім беру ұйымдарында бекітілген жоспарға сәйкес онлайн форматта өтеді, — деді басқарма басшысы.