WhatsApp 2021 жылдың қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмысын істемейтін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 485.34
  • 564.45
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
WhatsApp 2021 жылдың қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмысын істемейтін болады

WhatsApp 2021 жылдың қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмысын істемейтін болады

WhatsApp мессенджері 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ескі смартфондарда жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттгі Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

  • 27 Желтоқсан 2020
  • 35
Фото - Caravan.kz

Біз операциялық жүйесі осы уақытқа дейін IOS 9 немесе Android 4.0.3-ке жаңартылмайтын құрылғылардың кейбір модельдері туралы айтып отырмыз. Ең алдымен, ескерту iPhone 4 және одан бұрынғы модельдердің иелеріне қатысты. IPhone 4s, iPhone 5, iPhone 5s, iPhone 5c, iPhone 6 және iPhone 6s пайдаланушылары жаңа жылдан кейін мессенджерге қол жеткізу үшін бағдарламалық жасақтаманы iOS 9-ға дейін жаңартуы керек" — дейді мамандар.

Сондай-ақ, олар маңызды деректерді жоғалтпау үшін хат-хабарлардың көшірмесін жасауды ұсынды.

"Ол үшін қажетті чатты ашып, "топ туралы ақпарат" түймесін басыңыз. Содан кейін "чатты экспорттау" тармағын таңдау керек — кейін чатты медиасыз жүктеу мүмкіндігі пайда болады", — дейді мамандар.

Осыған дейін Forbes маманы WhatsApp-тың үш маңызды параметрлерін атады, олар мессенджердің қауіпсіз жұмысы үшін қосылып тұруы керек. Екі сатылы тексеруді орнатып, қосымша алты таңбалы кодты орнатқан дұрыс. Екінші қажетті қадам -смартфондағы фотосуреттер мен бейнелерді автоматты түрде сақтауды өшіру. Сондай-ақ, құпиялылық параметрлеріне назар аудару ұсынылады: пайдаланушы тіркелген соң көретін және оны топтарға қоса алатын адамдардың шеңберін шектеген жөн.