Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстанда өткен тәулікте 739 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды.
Аймақтар бойынша:
- Нұр-Сұлтан қаласы — 70
- Алматы қаласы — 80
- Шымкент қаласы — 2
- Ақмола облысы — 55
- Ақтөбе облысы — 2
- Алматы облысы — 66
- Атырау облысы — 124
- Шығыс Қазақстан облысы — 51
- Жамбыл облысы — 18
- Батыс Қазақстан облысы — 45
- Қарағанды облысы — 39
- Қостанай облысы — 61
- Қызылорда облысы — 1
- Маңғыстау облысы — 4
- Павлодар облысы — 58
- Солтүстік Қазақстан облысы — 60
- Түркістан облысы — 3
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 153 199.
Еске сала кетсек, елде 2020 жылдың 25 желтоқсанынан бастап 2021 жылдың 5 қаңтарына дейін шектеу шаралары күшейтілді.
Үкімет басшысы әкімдерге өңірдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты жағдайды тұрақтандыру мақсатында қажетті шектеу шараларын қабылдауды тапсырды. Қоғамдық орындарды, мектептер мен балабақшаларды сапалы санитарлық өңдеу, сондай-ақ егу пунктерін вакцинациялауға дайындау қажеттігіне назар аударды.
Ішкі істер министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, мереке алдындағы және мереке күндері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды қамтамасыз ету тапсырылды.