Қытай коронавирустың шығу тегіне қатысты зерттеулерді мемлекеттік құпияға жатқызды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қытай коронавирустың шығу тегіне қатысты зерттеулерді мемлекеттік құпияға жатқызды

Қытай коронавирустың шығу тегіне қатысты зерттеулерді мемлекеттік құпияға жатқызды

Зерттеу нәтижелерін жарияламас бұрын оны Қытай үкіметінің жанындағы арнайы комиссия тексереді.

  • 3 Қаңтар 2021
  • 90
Фото - Caravan.kz

Қытай билігі коронавирустың шығу тегі туралы зерттеулерді мемлекеттік құпияға теңестірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Үкімет COVID-19-дың шығу тегін зерттеу үшін ғалымдарға гранттар бөліп жатыр. Дегенмен, билік зерттеу қорытындыларын бақылауда ұстап, нәтиже жарияланбас бұрын оны Қытай үкіметінің жанынан құрылған арнайы топтың мақұлдауына жібермек. Агенттіктің хабарлауынша, қытай билігі халықаралық ғалымдармен серіктестік жасауға да кедергі жасап отыр. 

Естеріңізге сала кетсек, COVID-19 алғашқы жағдайы 2019 жылы желтоқсан айында анықталған еді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа вирустың жарқанаттаржан тарағанын, бірақ адамға басқа жануарлар арқылы жұққанын мәлімдеген еді.


Соңғы жаңалықтар