Әлемге әйгілі музыкант жансақтау бөліміне түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемге әйгілі музыкант жансақтау бөліміне түсті

Әлемге әйгілі музыкант жансақтау бөліміне түсті

Ол жеке шығармашылығымен қатар, Eminem, Snoop Dogg, 50 Cent, 2Pac секілді белгілі рэп орындаушыларға продюсерлік ету арқылы танылды.

  • 6 Қаңтар 2021
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық танымал рэпер әрі продюсер Dr. Dre Лос-Анджелес ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр.

Әлемге танымал америкалық музыкант және продюсер Dr. Dre (шын есімі – Андре Ромелл Янг) бас-ми қан тамыры аневризмасы салдарынан ауруханаға түсті, деп хабарлады TMZ.

Бұл оқиға, дүйсенбі, 4 қаңтар күні болған. 55 жастағы музыкант шұғыл түрде Лос-Анджелестегі Cedars-Sinai ауруханасына жеткізілді. Ақпарат көзіне сенсек, қазір Dr. Dre жағдайы тұрақты бірқалыпты деп бағаланып отыр.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

A post shared by Dr. Dre (@drdre)

Dr. Dre Америкадағы рэптің маңызды өкілдерінің бірі болып саналады. Ол жеке шығармашылығымен қатар, Eminem, Snoop Dogg, 50 Cent секілді белгілі рэп орындаушыларға продюсерлік етумен де танымал. 2Pac-тың да продюсері болған.