Коронавирус: Батыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді - kaz.caravan.kz
  • $ 489.31
  • 568.33
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
4 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Коронавирус: Батыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді

Коронавирус: Батыс Қазақстан «сары» аймаққа кірді

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 8 қаңтардағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады.

  • 8 Қаңтар 2021
  • 9
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бағалау матрицасына сәйкес, кеше, яғни 7 қаңтарда Атырау облысы «қызыл» аймақтан шыққан еді.

Осылайша, «қызыл» аймақта Қазақстанның бір де бір өңірі қалмаған.

«Қызыл» аймақтар бойынша бүгінгі матрица өзгеріссіз қалды.

Тек «сары» аймаққа Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары, Атырау, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар облыстарымен қатар Батыс Қазақстан кірді.


Қалған өңірлердің барлығы — «жасыл» аймақта. Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «жасыл» аймақта тұр.