Ұлы болса, өзінікі деп жүрген екі баланың біреуі әкесінікі болуы мүмкін екенін айтады.
Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Астарлы ақиқат" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Туған келінімен төсектес болған 54 жастағы Үсен Ерметов қазіргі таңда бұрынғы келіні, қазір әйелі болған 25 жастағы Әсия және екі немересімен қойшы ауылға көшіп кеткен.
Ең сорақысы келінімен бірге тұрып жүрген қарияның өзі жаға ұстатарлық оқиғадан еш қымсынбай, бұдан да сорақы жағдайды айтып салды.
Тек жас қыздарға ғана емес үлкен әйелдерге де қызығатындығын айтқан Үсен Ерметов:
"Әсия менен көмек сұрады сізден басқа адам жоқ деп жалынды. Мен келістім, ол да келісті өз еркімізбен төсектес болдық. Мен 1998 жылдан бастап енеммен төсек қатынасында болғанмын. Маған ұнайды " — деді.