Бұл туралы айтыскер ақын желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жалпы Балғынбек Имаш бұған дейін де мәжбүрлі вакцина салу мәселесіне түбегейлі қарсы шығып, Қазақстан азаматтығынан бас тартамын деген болатын.
"Елдің Азаматтығынан бас тартамын!": Балғынбек Имаш мәжбүрлі екпе егуге қарсы шықты
Ал бұл жолы былай дедп жазды:
Адамдарды АллаТағала ұлттар мен ұлыстарға бөлген.
Енді Әлемдік күштер күштеп вакцина салдыру үшін бізді әр түске топтайтын болыпты.
Екпе ектіргендер Жасыл.
Екпе екпегендер Қызыл.
Одан бөлек түстер де бар ПЦР тест тапсырғандар, ауырып айыққандар т.б.
Яғни, Жасылдарға бәрі рұқсат! Қызылдарға кейбір жерлерге рұқсат жоқ. Бұл мәжбүрлемей-ақ мәжбүрлеу ғой
Мен жазда ауырып шықтым. Енді маған екпе егу керек емес. Керек болса да екпес едім. Тағдырымды вакцинаға емес, Аллаға тапсырдым. Алла Ұлық. Шайтанға құлдық жасағандар, Алладан басқа қожайыны бар жандар, менен аулақ жүріңіздер! Екпең де, өкпең де өзіңе!,- деді ақын.
Еске салсақ, бірінші ақпаннан бастап елімізде ковидке қарсы жаппай вакцина егу басталды.Ол үшін Ресейде жасалған Спутник-V вакцинасы жеткізілді.