Жарияланды: 55800

"Елдің Азаматтығынан бас тартамын!": Балғынбек Имаш мәжбүрлі екпе егуге қарсы шықты

"Елдің Азаматтығынан бас тартамын!": Балғынбек Имаш мәжбүрлі екпе егуге қарсы шықты

Жалғыздың үні шықты, бірақ, елең еткен ешкім болмады. Біздің Парламенттің сыйқы осы енді. Бір депутат қарсы, екеуі қалыс, қалғаны үнемі қолдайды!

Бұл туралы белгілі айтыскер ақын Балғынбек Имаш instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.


Енді құрамы белгісіз, сапасы белгісіз, шетелден келетін екпелердің жартысы ерікті, жартысы мәжбүрлі түрде міндетті болады!
Әншейін ғана гриптің бір түріне ковид19 деп айдар тағып, әлемді дүрліктіріп Пандемия жариялаудың мақсаты да осы болатын.
* Әлемді үрейлендіру!
* Әлемді кедейлендіру!
* Әлемді басқару!
* Әлемді вакцинациялау!
* Әлемді құл қылу!
Жоқ, маскалы мырзалар!!!
* Біз сіздерден емес, құдайдан қорқамыз!
* Бізге Ризықты Алла береді!
* Көк пен Жердің Раббысы Алла, оған ерікті, еріксіз түрде барлық жан иелері бағынады!
* Вакцинацияға қарсымыз, күштеп салдыруды қылмыс деп білеміз!
* Біз әлемдердің Раббысына ғана құлшылық етеміз, һәм жәрдем тілейміз!
Менің 6 балам бар, алғашқы 3 балаға екпе салдырғанмын, кейінгі 3 балаға салдырмадым!
Айырмашылық жер мен көктей. Үлкендері ауыра береді, имунитеттері әлсіз. Кейінгі үшеуі мүлде ауырып (тіпті, гриппен де, қызылшамен де) көрген емес! Имунитеттері жоғары, екі жыл анасының ақ сүтін емген балалар!
Менің балаларым - менің байлығым, екпені маған ешкім мәжбүрлей алмайды!
Мен Қазақстан Республикасының азаматымын!
Егер алдағы уақытта менің Конституциялық құқығым тапталатын болса, мен Ата Заңына қарсы, халқының талабы мен тілегіне қарсы заңдар шығаратын Парламенті бар елдің Азаматтығынан бас тартамын! - деді ол желідегі парақшасында.

Айта кетейік, осыдан 1 ай бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті түрде вакцина салу бойынша әлеуметтік желіде пайда болған пікірталасқа жауап берді. Айтуынша, әрбір жағдайда ата-ананың ақпараттандырылған келісімі немесе егуден бас тарту құқығы болады.

Ол туралы Sputniknews сайты жазған. 

"Қазақстанда вакцина мәжбүрлі түрде салынбайды және бұл жағдай сақталады! Бүкіл әлемдегідей біздің елде де ерікті және міндетті вакциналар болады. Әрбір жағдайда ата-ананың ақпараттандырылған келісімі немесе егуден бас тарту құқығы болады. Балалар құқығын шектейтін ешқандай норма жоқ.Ұжымдық иммунитетті қамтамасыз ететін бір ғана норма бар, яғни балабақшаларға баратын барлық баланың денсаулығын қорғау", - деп жазды Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін