СҚО-ДА өрттен 5 жасар бала қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 493.15
  • 574.17
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-ДА өрттен 5 жасар бала қаза болды

СҚО-ДА өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты.

  • 2 Наурыз 2021
  • 16
Фото - Caravan.kz


Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза тапқанын хабарлады. Екі пәтерлі үйде өрт шыққанын куәгер хабарлаған.

"1 наурызда сағат 18:59-да Смирново ауылының "101" пультіне Новороссийск ауылындағы тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Бір қабатты үйде пәтер жанып жатқаны анықталды. Өртсөндірушілер келгенге дейін жергілікті тұрғындар 2015 жылы туған баланың жансыз денесін алып шыққан. Өрт себебі анықталып жатыр, баланың денесі сараптамаға жіберілді", — деп хабарлады СҚО ТЖД өкілі.