Өзбекстанмен шекаралас екі ауыл ресми түрде Қазақстанға қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.95
  • 565.74
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстанмен шекаралас  екі ауыл ресми түрде Қазақстанға қосылды

Өзбекстанмен шекаралас екі ауыл ресми түрде Қазақстанға қосылды

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Түркістан облысының шекарасын өзгерту туралы қаулыға қол қойды.

  • 25 Мамыр 2021
  • 51
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

17 мамырдағы қаулыға сәйкес Түркістан облысының аумағына жалпы ауданы 795,62 гектар (750 гектар — Бағыс ауылы, 45,62 гектар — Хиебон) Бағыс және Хиебон елді мекендерінің жерлері кірді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Түркістан облысының мәслихаты үкіметтің қарауына Қазақстанға Өзбекстан берген жерлерді қосу арқылы аймақ шекараларын өзгерту туралы ұсыныс енгізген.


Нәтижесінде Бағыс (Бағыж) және Хиебон ауылдары Түркістан облысының Сарыағаш ауданына қосылған.